Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Экономика әлемінде» апталығының ашылуы

2022 жылдың 18 сәуірінде «Экономикалық пәндер» бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж акт залында «Экономика әлемінде» пәндік апталығының ашылу салтанаты өткізілді.
Мақсаты: Студенттердің «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, логикалық ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту, еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу, мамандықтарға деген ынта –ықыласын арттыру, кәсіби табандылығын, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Шара барысында бухгалтер – экономист мамандығының маңыздылығы туралы қызықты викторина ойнатылып, скетч қойылып, ән мен биге ұласты.