Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

11.04.2022 жылы “Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті” КеАҚ және “Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі” МКК арасында өзара іс-қимылды дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум университет пен колледж студенттері мен оқытушыларының оқу, ғылыми, мәдени, спорттық және басқа да бірлескен іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз етуді көздейді.

Тараптар осы меморандум бойынша қабылданған міндеттемелердің бірлескен жұмыстарын, жобалары мен бағдарламаларын орындауда бір-біріне барынша жәрдем көрсетуге ұмтылатын болады.