Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

2022 жылдың 14-і наурызы күні «Жалпы білім беру пәндері» бөлімі «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер» циклдік-әдістемелік бірлестігінің «Ата-дәстүр – асыл қазынам» атты апталығының ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты: ұрпақ санасына халқымыздың ұлттық құндылықтарын  сіңіру. Бұл Ұлы күні  үлкендер кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілейтін күн. Ата дәстүр бойынша  колледж директоры Ж.С.Мухамбетпаизова мерекеге ақ тілегін білдіріп, апталық жұмысына сәттілік тіледі.  Шара барысында «Көрісу» дәстүрі көрсетіліп, оның мән-мағынасы түсіндірілді. Би биленіп, ән айтылып, күмбірлеген күй де тартылды. Шашу шашылып, Қызыр баба батасын берді.