Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Үздік автомеханик» байқауы

            2019 жылғы 20 ақпанда «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы студенттері арасында «Үздік автомеханик» байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырған «Кәсіптік оқыту» ЦӘБ оқытушылары: Б. Ізтелеуов, А. Таханов және Б. Рахат.

Байқаудың мақсаты: студенттердің мамандыққа қызығушылықтарын арттыру, талантты, қабілетті студенттерді анықтау, арнайы пәндер бойынша білімі мен біліктерін бекіту.

            Сайыс барысында студенттердің білімін тексеруде интерактивті Kahoot, Plickers қосымшалары, анимациялық вертуалды плакаттар,  жетекші оқытушылардан бейне сұрақтар қойылды.  Тәжірибелік бөлімінде сайыскерлер автомобиль бөлшектерін шатып-жинау бойынша сынаққа түсті.

            Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды

1 – ші орын – Жоламанов Ақайдар 201 АТ тобы

2 – ші орын Шернияз Диас 201 АТ тобы

3 – ші орын Аманов Азамат 203 АТ тобы.