Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен облыстық деңгейде семинар өтті

2022 жылдың 17 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Заманауи тәрбие технологиялары және оларды тәрбие процесінде қолдану» тақырыбында Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен облыстық деңгейде семинар өтті. Семинардың ашылуына Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры ЖАМАНБАЕВА ДИНА УЗАКБАЕВНА Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директорының орынбасары ХАЛЕТОВА ДИНА КАШКИМБАЕВНА Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының, Техникалық және кәсіби бағдар беру бөлімінің әдіскері НУРМОЛДИНА БАГДАГУЛ ЖАЙБЕРГЕНОВНА және колледж директоры Мухамбетпаизова Жеңіскул Сагидоллаевна Алғы сөздерін айтып семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. Семинар барысында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.У.Есенгалиева «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиялары – біздің іс-тәжірибемізде», әлеуметтік педагог Айжан Бижанова:«Білім алушыларды әлеуметтік қолдау», еріктілер клубының жетекшісі Медиев Нұрдәулет: Волонтерлар (еріктілер) клубы жұмыс барысы, тақырыбында баяндамаларын ұсынды. Тәжірибелік бөлімінде Студенттік IT клубтар: үйірме жұмыстары «РОБО клуб», «3d модельдеу», «Moution Pesign», «Marker Space», үйірме жетекшісі Н.К.Исмагулова дебат жетекшісі А.С.Ялгашбаева «Дебат клубының ұйымдастырылуы», Үздік топ кураторы Д.Т.Шаңбаев «Топ жетекші-тәрбие жұмысын үйлестіруші педагог» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қорытынды бөлім Колледж психологтары А.Д.Қосдәулет, А.Т.Шортанбаева сергіту тренингімен қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, семинар соңы КОФЕ БРЕИКПЕН қатысушылардың Ашық диалогтық алаңымен(сұрақ-жауап, ұсыныстар) аяқталды.