Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

08 ақпан күні «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер» ЦӘБ төрайымы Г.С. Елтезерованың ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында кәмелетке толмаған студенттермен кездесу өткізілді.

Кездесуге  №4 қалалық емханасы «Салауатты өмір салты» орталығының жауапты маманы Асанова Анара Сапарғалиқызы және колледждің медицина қызметкері Боранкулова Таланды Хамзақызы шақырылды.  Мақсаты: студенттерге салауатты өмір салтын насихаттай отырып,тазалыққа баулу, жеке бас гигиенасын сақтауға, күн тәртібін орындауға, жинақы жүруге, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу, денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану екенін ұғындыру.