Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Тәуелсіздік-тұғырым»

2021 жылдың желтоқсан айының 13-і күні Тәуелсіздік күніне орай «Автоматтандыру және басқару» бөлімінің ұйымдастыруымен колледж жатақханасында«Тәуелсіздік-тұғырым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелде студенттер еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жеткен жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
Мақсаты :
-Студенттерге қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
-Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
-Студенттерді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт — бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, студенттерді патриоттық рухта
тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. -Тәуелсіздік бастауы — ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.