Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Жас сарбаз” әскери патриоттық клубының Ант қабылдау рәсімі

7 желтоқсан күні колледжішілік “Жас сарбаз” әскери патриоттық клубының Ант қабылдау рәсімі өтті. “Жас сарбаз” әскери патриоттық клубының құрамына 38 білім алушы қабылданды, жетекші-ұйымдастырушысы Құдайбергенов Роман Орналиевич.
Клубтын мақсаты:
– Салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастардың патриоттық сезімін ояту және ҚР Қарулы күштер қатарына дайындау;
– Бұқаралық дене шынықтыру және спорттық қозғалысты дамыту;
-Жастарды отан сүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеу,алған білімдерін практикалық түрде көрсетіп дамытуға ықпал жасау.
Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, спорттық жаттықулар көрсетіліп жоғары деңгейде өтті.