Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Волейболдан жолдастық кездесу өтті

29.11.2021 жылы кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында АВПК (Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі) құрама командалары мен АқтЗФ Жастар кеңесінің құрама командалары арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Мақсаты: Студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау арқылы кәсіптік бағдар беру. Ойын достық және бәсекелестік жағдайында қызу және қызықты өтті. Кездесу соңында достық сөзсіз жеңіске жетті. Ойын барысында ойыншылар марапатталып, «Үздік ойыншы» номинациялары берілді: Ақтөбе ферроқорытпа зауытының Жастар кеңесі командасынан Баймуканова Аяна, Акимов Аслан, Уайсбаев Нұртас – “Үздік ойыншы” атанды Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінен Жолдасова Фарида “Үздік ойыншы” Шара соңында ұйымдастырушылар сөз сөйлеп, қызықты бірлескен ойыны үшін алғыстарын білдірді және іс-шараның қорытындысы бойынша жолдастық кездесуге қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қоңақтарымызға серіктестіктері үшін алғыс білдіре отырып еңбектеріне табыс тілейміз!