Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

ЕҢ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ САЙТЫ

Ағымдағы жылдың 25 қазан-16 қараша аралығында облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес “Ең үздік білім беру ұйымының сайты” облыстық сырттай байқауы өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты білім беру ұйымдарының үздік сайтын анықтап, қолдау және тарату болатын. Бұл байқауға 14 білім беру ұйымы қатысты.

Байқаудың қорытындысын шығару кезінде ақпаратты ұсынудың толықтығы мен сапасы, өзектілігі, дизайны, интерактивтілігі, кері байланыс, сонымен қатар Сайттың жаңартылған мазмұнда болуы байқауға қатысудың маңызды міндеті болып табылады.

Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі білім беру ұйымдары анықталды:

«ЕҢ ҮЗДІК БАЛАБАҚША САЙТЫ»

  1. Орын – Хромтау ауданы «Шаңырақ» бөбекжай-балабақшасы
  2. …………………
  3. Орын – Қарғалы ауданы «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы

Алғыс хат №1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасы

«ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕП САЙТЫ»

1 орын – Ақтөбе қаласы №10 ЖББОМ

2 орын – Ақтөбе қаласы «№34 ОМ» КММ, Шалқар ауданы «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»

3 орын – Хромтау ауданы Бөгетсай МГ  , Шалқар қаласы «№3 ЖОББМ»

Алғыс хат қатысқаны үшін – Алға ауданы Тоқмансай орта мектебі, «№3 Алға қазақ орта мектебі», «№1 Хромтау орта мектебі» , «Мұзафар Әлімбаев атындағы Ақтөбе қаласының №25 жалпы білім беретін орта мектебі»

«ЕҢ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ САЙТЫ»

1 орын – Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Көзі: https://bilimaktobe.kz/ru/poslednie-novosti/237-e-zdik-bilim-beru-jymyny-sajty