Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Тәуелсіз елдің жастары» облыстық пікірсайыс турнирі

20 қараша күні Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен және Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің ат салысуымен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіз елдің жастары» тақырыбындағы облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Облыстық турнир қорытындысы бойынша қатысқан 39 фракцияның ішінен Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің  орыс лигасының “ZipFile” дебат клубы 1 орын иеленсе, қазақ лигасының “LD” дебат клубы командалық 2 орынды иеленді. Клуб қатысушысы Саматай Алишер “Үздік спикер” атанып, “Облыстық дебат турнирі” кубогын жеңіп алды.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!