Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“СЫРҒАЛЫМ” қыздар клубы шеберлік сағаттарында

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі жанынан құрылған “Сырғалым” қыздар клубы мүшелері 28 қазан күні “Анаға тағзым” рухани тәрбие беру орталығында өткізілген шеберлік сағаттарына қатысып қайтты. Шеберлік сағаттары “тәтті дайындау”, “бет әрлеу”, “тігін тігу” тақырыбында өткізілді. Студенттеріміз орталыққа экскурсия жасап, мекеме тарихымен танысты. Мақсаты: Колледжіміздің қыз балаларын бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге баулу.