Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

АЖПК ұстаздары мен студенттері сенбілікте

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі ұстаздары мен студенттері әр апта сайын жүйелі түрде қаланы абаттандыру, тазарту жұмысында белсенділік танытып, өз үлестерін қосуда. Сенбілікке қатысушылар Сәңкібай батыр даңғылы бойындағы саябақ аумағын, жол бойындағы жасыл желекті, жаяу жүргінші жолдарын қоқыс пен шаңнан, жапырақтардан тазартты. Бұл игі іс жас ұрпақты тәрбиелеуде оңтайлы әсер етеді. Сонымен қатар, біз қала тұрғындарын әсем де сүйікті қаламыздың тазалығын сақтап, қорғап жүруге шақырамыз.