Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстазы

Есенгалиева Гулден Утежановна

Ақтөбе Жоғарғы политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Үздік педагог-2016

1983 жылы 31 қаңтарда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ақсай селосында дүниеге келген. Білімі жоғары, Физика магистрі. Жұмыс өтілі 17 жыл. Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжде 2005 жылдан жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік педагог-2016» байқауының жеңімпазы. 2016 жылдан «Talap» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері. 2011ж  облыстық  «Педагогикалық жетістіктер байқауында «Техникалық және кәсіптік оқу орнының үздік оқытушысы» деп танылып, облыс әкімінің 120 000 теңге грантына ие болды, облыстық «Үздік куратор 2015» сайысына қатысып, 2 орын иегері. 2016 жылы Республикалық «Үздік педагог -2016»  конкурысының жеңімпазы.

2018ж «Үздік бөлім меңгерушісі -2018»,  2019ж  Елбасының «Қазақстаннның  100 жаңа есім» жобасын  жүзеге асыру мақсатында жарық көрген ҚР білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері «Алтын кітап» энциклопедиясына енді.

Гулден Утежановна жас ұрпақты тәрбиелеуде қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауға белсенді араласады.

Республикалық деңгейде «Авторлық құқық обьектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» куәліктері алыған  «Жалпы өнеркәсіптік тұтынушылар және оларды электрмен қамтамасыздандыру» (№1096 7 маусым 2016 ж.), «Жалпы электротехника және электроника негіздері» (№1010 25 мамыр 2016 ж.), «Электротехника и электрооборудования зданий» (№0949 23 мамыр 2016 ж.),  «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрменқамтамасыздандыру» (№0950 23 мамыр 2016 ж.),  «Қосалқы стансалар мен таратушы тораптардың электр беріліс желілерінің электр жабдықтары» (№0839 11 мамыр 2016 ж.)   5 электрондық оқу құралының авторы.

Облыстық деңгейде басып шығарылған, ISBN авторлық құқық номерлері алынған «Электротехниканың теориялық негіздері» пәнінен сарамандық және зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқауының, «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік экология негіздері» пәнінен оқу құралының, Методические указания к практическим занятиям по дисциплине «Теоретические основы электротехнике» әдістемелік құралының авторы. 2016 жылы Халықаралық деңгейде LAP LAMBRET Academic Publishig баспасында неміс халықаралық баспасында  «Эффект уселения люминесценсии щелочногалоидных кристаллов» – ISBN 978-659-85131-5. атты оқулығы жарық көрді.