Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ашық сабақ «Мәтінмен жұмыс. Мәтін эффектілері. Эффектілерді құру»

«Ақпараттық  жүйелер» ЦӘБ-нің оқытушысы Ж.Н. Тулегенованың  201ИС тобына Компьютерлік геометрия және графика пәнінен «Мәтінмен жұмыс. Мәтін эффектілері. Эффектілерді құру» тақырыбында ашық сабағы өтті.

Мақсаты: Студенттерге мәтін, оның қасиеттері, эффектілер туралы ақпарат беру, мәтінмен жұмыс жасау біліктері мен дағдыларын игерту, эстетикалық талғамдары мен ақпараттық мәдениеттерін дамыту.

Сабақ барысында студенттер компьютерлердің көмегімен, түрлі сілтемелерді пайдалана отырып, мәтіндермен жұмыс жасады. Photoshop бағдарламасы, Learningapps.org, Google, Youtube сайттарымен жұмыс жасап, біліктерін шыңдады.