Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттік кәсіпкерлікті дамыту» облыстық онлайн дөңгелек үстел

2021 жылдың 16 сәуірі күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының жоспарына сәйкес, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі «Экономикалық пәндер» ЦӘБ-ң оқытушыларымен бірлесіп «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттік кәсіпкерлікті дамыту» облыстық онлайн дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның  мақсаты: өзекті педагогикалық мәселелерді шешуге – кәсіпкерлік білім беруді дамытуға, студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру үшін кәсіпкерлік бойынша базалық модульдерді оқытуда педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Онлайн дөңгелек үстелде «SMP GROUP INVEST» ЖШС-ң директоры Тлеубергенов Аскар Сапарниязович «Студенттердің кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастырудағы әлеуметтік әріптестіктің рөлі», жеке кәсіпкер ИП «Әділет» Жарылгасинова Рауан  «Жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау» бағытында ой қозғап, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің 301Б тобының студенті Бердибаева Айша Алибековна және 405ИС тобының студенті Хайрулин Артем Рафаилович жүзеге асырып жатырған бизнес жобалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Шара барысында облыс оқытушылары мен кәсіпкерлер піікір алмасып, студенттер сұрақтарына жауап беріліп, жастар кәсіпкерлігін дамыту бағытында ұтымды шешімдер қабылданды.

.