Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Адами құндылықтардың қалыптасуына діннің тигізетін әсері”

14.04.2021 ж “Жалпы білім беру” бөлімінің оқытушылары К. Ахметова және А. Нурудинованың ұйымдастыруымен офлайн форматта “Адами құндылықтардың қалыптасуына діннің тигізетін әсері” деген тақырыпта теолог маманмен кездесу кеш өтті. Кеш қонағы Ақтөбе қаласы “Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы” КММ теологы Мади Орынбайұлы. Шараның мақсаты Студенттердің ой-өрісін дамытып, діни білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, адамгершілікке, имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Кездесуге 1-курс студенттері қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға қонымды жауап алды.