Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“LD DEBATE”

20.03.21 күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің жанынан ашылған "LD DEBATE" клубының ұйымдастыруымен өткен "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" атты облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнир Ақтөбе колледждер лигасына арнап ұйымдастырылды. Турнирге 10 нан астам колледжден 26 фракция қатысты. Турнирдің бас ұйымдастырушысы Ақтөбе колледждер лигасының координаторы Саматай Алишер. Жүлделі орындарға ие болғандар: 1 орын "Жұрттың баласы" фракциясы. Ақтөбе гуманитарлық колледжі. 2 орын "Бриллиант" фракциясы. Ақтөбе гуманитарлық колледжі. 3 орын "ББ" фракциясы. Ақтөбе музыкалық колледжі. 3 орын "Эверест" фракциясы. Ақтөбе гуманитарлық колледжі. Үздік төреші - Жанболат Фарида. Ақтөбе Пікірталас Орталығы. Үздік спикер - Арыстанғалиева Бақыт. Ақтөбе музыкалық колледжі. Үздік маркетолог - Қойшыбаева Аёра. ҚазГУЮ. Үздік құттықтау видеосы - "Аккорд" дебат клубы