Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» тақырыбында тарихи-дәстүрлі мерекелік шара өткізілді

2021жылдың 16 наурызында «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер» ЦӘБ оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің 4-ші қабатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» тақырыбында тарихи-дәстүрлі мерекелік шара өткізілді.  

Мақсаты: Студенттерге қазағымыздың салт-дәстүрлерімен, көрісу – амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу. Шараға колледж оқытушылары мен 1курс студенттері қатысты.