Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Көрісу күні”

14 наурызда еліміздің батыс өңірлері Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Осыған орай Көрісу күні Кәсіподақ бастауыш ұйымы және “Техникалық мамандықтар” бөлімімен бірге Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде де аталып өтті.