Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Мұнайды сораптық қондырғымен өндіру әдісі» тақырыбында ашық сабақ.

25.02.2021ж күні «Техникалық пәндер» бөлімі «Мұнай - газ ісі пәндері» циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Ж. Жолаева 301 РМ тобында «№КМ 05 Кәсіпшілікте технологиялық процесті бақылау» құзыреттілігі бойынша «Мұнайды сораптық қондырғымен өндіру әдісін түсіндіру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта iSprining Suite, электронды ресурс, Active Studio, Padlet сом, бағдарламалары негізінде жасалған ақпараттық коммуникациялық технологиялары қолданылды. Сабақтың мақсаты - cтуденттерге жаңа оқу материалын өткен тарау тақырыптарымен байланыстыра түсіндіріп, ойын элементін қолдану арқылы алған білімдерін бекіту және жаңа білімдер беру. Сабақ аралас түрінде өтті, студенттер сабаққа белсене қатыса отырып, өткен тараулардан алған білімдерін көрсете білді. Оқытушы сабақты бекіту кезеңінде iSprining Suite, Padlet сом, Kahot lit бағдарламасы негізінде жасалған тест сұрақтарын қолданды. Сабаққа колледждің келесі оқытушылары қатысты: Дабылова Ж.С, Даулетьярова Т.Ш, дауылбаева К, Дилмаганбетов А ,Нуридинова А.А.