2021 жылдың 3 ақпанында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде 1014000 «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөліміндегі 402ТМ тобында дипломдық қорғау өтті. Диплом қорғаудың мақсаты студенттердің технологиялық жабдықтардың типтік бөлшектермен түйіндерін жөндеу процесін жобалау кезіндегі білімдерін бекіту. Дипломдық қорғау мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы, Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытының техникалық бөлімінің басшысы Мазенов Айболат Хайруллаевичтің және ТОО «QHSE Akbarys-Atyrau» ҚТ координаторы Шакиров Марат Отегеновичтің қатысуымен сәтті өтті.
Our Spring Sale Has Started
You can see how this popup was set up in our step-by-step guide: https://wppopupmaker.com/guides/auto-opening-announcement-popups/