Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Жүрегінде жүрсін жақсылық”

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жаны риза» дегендей, студенттердің жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Осыған орай 04.12.20 күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде «Ақпараттық жүйелер» бөлімі және еріктілер клубының мүшелері бірігіп, «ЖҮРЕГІҢДЕ ЖҮРСІН ЖАҚСЫЛЫҚ!» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеде барлық талап ережелер сақталды.