Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Үздік автомеханик” сайысы

25.11.2020 жылы Автомобильді жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығының 2 курс студенттері арасындағы білім мен біліктілік сапасын тексеру , үздік автомеханикті анықтау мақсатында сайыс сабағы өтті.
Мақсаты: мамандыққа байланысты автомобиль құрылысының, агрегаттарының, механизмдерінің, жүйелерінің және бөлшектерінің жалпы құрылысы бойынша түсінік қалыптастырып, студенттердің оқуға қызығушылығын арттыру.
Сайыс 3 турдан тұрды: Бәйге, Дода, және Жорға. Kahoot және Power Point бағдарламаларын қолданып жүргізілді.
Ұйымдастырушылар Каналин К.С., Рахат Б.Т.,Таханова А.А. Сайыс соңыңда жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
1 орын иегері Канатбай М., 2 орын иегері Сагынаев А., 3 орын иегері Нурланов М.