Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Интернетте оқыту құралдары

Онлайн түрде оқыту бұл заман талабы. Дәл осы орайда біз колледж ұжымы қашықтықтан оқыту жобасын белсенді түрде қолдаймыз, қолданамыз. Оның айқын көрінісі ретінде студенттердің дуальді түрде оқу мүмкіндігін айтсақ болады. Білім беру саласы жаппай онлайн түрде оқуға көшпей тұрып,  біз өз базамызда қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып отырдық.
         Мен өзімнің 10 жылдан аса еңбек өтілімде қашықтықтан оқыту жобасын, білім саласын цифрландыруды белсене қолдаумен, әрі кемшіл тұстары болса соны түзету жолдарын ізденумен келемін. Жаңашыл ұстаз ретінде мен өз сабақтарымды ұйымдастыру барысында бейнероликтермен қатар онлайн конференциялар ұйымдастырып отырамын. Нәтижесінде білім алушы студенттер оффлайн оқыған секілді мұғаліммен еркін кері байланыс орната алады. Осы орайда мен Zoom, Microsoft Teams  орталарын белсенді қолданамын.
         Zoom ортасы қолданушыларға, студенттерге қолдануға жеңіл болып келеді. Себебі бұл ортада конференция ұйымдастыру үшін белгілі бір ID және сәйкес құпиясөз берілсе болғаны. Тәжірибелі ұстаз ретінде Zoom ортасында конференция ұйымдастыруда киберқауіпсіздік мақсатында әркез конференция құпиясөзін ауыстырып отыруды ұсынамын.
         Өз практикамда қолданатын келесі бір орта  – Microsoft Teams  ортасы. Бұл орта конференцияға қатысушыларды айқын көрсетуді талап етеді. Яғни сіз әр группаға онлайн кабинет ашып қоя аласыз. Сәйкесінше әр студент өзіне берілген логин/парольдері арқылы тек өзіне тиесілі кабинеттерге кіруге рұқсат ала алады. Сонымен қатар бұл ортада сіз сабаққа қатысты тапсырмаларыңызды орналастыруыңызға болады. Студент орындаған тапсырманы тексеріп бағалау мүмкіндігі де қарастырылған.
         Сонымен қатар Google Meet ортасын да айтпай кетпеске болмас. Себебі, бұл орта басқа бейнеконференция ұйымдастыру алаңдарына қарағанда қауіпсіз болып келеді. Әдепкіде бұл орта Бизнес өкілдері онлайн кездесулер өткізу үшін жасалып шығарылған. Соған орай басқа платформаларға қарағанда қауіпсіздік жүйесіне аса қатты көңіл бөлінген. Бұл ортаның басқа орталарға қарағанда тағы бір артықшылығы ретінде оның конференция ұйымдастыру уақытының ұзақтығында. Басқа орталар бізге тек 40 минут тегін пайдалануға рұқсат беретін болса, бұл орта 1 сағатқа дейін еш кедергісіз пайдалануға мүмкіндік береді.
         Мен тәжірибелі ұстаз ретінде жағарыда көрсетілген орталарды қажетімен, орнымен пайдаланамын, сіздерге де ұсынамын. Онлайн сабақ өткізудің бір ерекшелігі де осындай ортаны қажетімізге қарай дұрыс таңдаудан басталады. Дұрыс таңдалған орта білім алушыға қандай жағдайда болмасын сапалы білім алуға мүмкіндік береді деп сенемін. 
 
 
Нурина Ж.К