Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ақтөбе облысының құрметті ұстазы

     2020 жылғы 3 қазанда «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында облыстың білім саласына қосқан зор үлесі, осы  салаға сіңірген айрықша еңбегі үшін колледж директоры, п.ғ.д. Алдияров Қасымбек Тулеуұлы «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағымен және 300 АЕК көлемінде қаржылай марапатталды.

    Қасымбек Тулеуұлы п.ғ.д, ф.м.ғ.к.,доцент, халықаралық ақпараттандыру академиясының, ҚР педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен иегері.  ҚР Тәуелсіздігінің 20, 25 жылдық медалімен, Елбасы Н. Назарбаевтың, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Колледжіміздің өркендеп дауында өзінің адал қызметімен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен, кәсіби жетістіктерімен, шығармашылық табыстарымен үлгі бола білген Қасымбек Тулеуұлын құрметті атағымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, тың идеялар тілейміз!

Оқу-әдістемелік кабинет