2020 жылдың 13 ақпан күні 201Б тобында жетекшісі Есетова М.К., колледжде тәжірибеден өтуші Мөлдір Мулдагазина «Өзің таңдаған өмір» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаты тренинг түрінде өтіп, студенттер жан-жақты ашылып, өмірді тануды – өзіңді танудан бастауды үйренді.
Сабақтың мақсаты: өмірге құштарлықтарын арттыру, өзінде бар құндылықтарды анықтай білу, бағалай білуге үйрету. Өзін-өзі іштей бақылауға, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Сабақта сұрақ – жауап, өзіндік ізденіс, мысал қоя іздендіру, салыстыру, топтау әдістері қолданылды.