Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл

Бүгін Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толды✔

Интернационалист жауынгерлер үшін 10 жылға жуық уақытқа созылған соғыстың жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Жыл сайын Ауған соғысының ардагерлері бұл күнді атаусыз қалдырмайды. Жат жерде қаза болғандарды еске алып, рухына тағзым етеді.
Ауған халқы кеңес әскерлерін шурави деп атаған. Әскер дегенде олар небары 18-дің айналасындағы өрімдей жастар болатын. Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де жастық шағын беріп, көңіліне қаяу түсірген сол бір сұрапыл кезеңді ұмыта алмайды.
Соғыста қателесуге болмайтындығын офицерлер жақсы біледі. Астанадағы әскери-тарихи музейде аты аңызға айналған Борис Керімбаевқа арналған бұрыш бар. Ол басшылық еткен 177-жасақ 8 ай бойы стратегиялық маңызы бар нысанды қорғап тұрды. Қара майордың қолбасшылық біліктілігін моджахедтердің өзі мойындағаны белгілі. Ол ерік жігері күшті, батыр текті болған еді деп еске алады қаруластары.
Биыл ауған кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл. Бүгінде ол соғысты әркім әрқилы түсінеді. Бірақ сол жат жерге аттанған отандастарымыз ерліктің үлгісін көрсетті