Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 16 жұлдызында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына байланысты «Қоғамның ілгерілеуі-тұрақтылықта» тақырыбында іс-шара дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қатысушы қонақтар: Сапаров Түлкібай Тынышұлы, Сарсембин Үмбетхан Қуандықұлы, Мулдыкешева Бекзат Орынбасарқызы, Қабақбаев Жаңғабыл Жұмағалиұлы, Әзиев Есенбол Амангелдіұлы. Колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Умбетбаев Кайрат Досжанович, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Сайлыбай Ғасыржан Болатұлы іс-шараға қатысып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты студент жастарға Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық тарихында ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты нығайту бағытындағы атқарған жұмыстары туралы мағлұматтар беру. Студенттерге толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,көрнекілік кітаптар мен слайд бейне-материалдары көрсетілді.