Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Аяулы ұстазымыздың кеші

25.12.19ж күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде “Жалпы білім беру” бөлімінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы , ұлағатты ұстаз Бердымағанбетова Зауреш Нұғыманқызы зейнеткерлік жасқа шығарып салу мақсатында шығармашылық кеш өткізілді. Кешке ұстаздың қазіргі таңда білім нәрімен сусындап отырған шәкірттерімен қатар,қазіргі таңда үлкен маман иесі болып отырған түлектері де келіп өздерінің тілектері мен аяулы ұстаздарына деген ризашылық алғыстарын білдірді.Шығармашылық кешті бөлім меңгерушісі Г.С.Алашбаева өзінің сапалы,тұжырымды,көркем әдеби тілмен өрнектелген баяндамасымен жалғастырды.Кеш өз мақсатына жетті.