Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Шаграева Мерейлім Ерланқызын “Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті” жеңісімен барлық Ақпараттық жүйелер бөлімі құттықтайды!

Шаграева Мерейлім Ерланқызы 16 қарашада 2002 жылы Атырау қаласында дүниеге келді. Отбасында 6 адам бар. Балалық шағым Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында өтті. 2008 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттады. 1 сыныптан бері оқу үздігімін. Мектеп кезінде түрлі қалалық, мектеп аралық, облыстық байқауларға, олимпиадаға қатыстым. Қазақ тілі, әдебиет пәндерден көптеген олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. 5 жасымнан би үйірмесіне қатысты. Театр және әртүрлі қойылымдарда өнер көрсетті. 2012 жылы Республикалық «Айгөлек» балалар байқауына қатысып бас жүлдеге иелендім. 2013 жылы Италияда өткен Халықаралық «Бегущая по волнам» атты фестивальде жүлделі 1 орынға ие болды. 2015 жылы Түркия елінде өткен «International Art festival» байқауынан жүлделі 1 орынға ие болды. 2018 жылы 9 сыныпты аяқтап, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжіне «Ақпараттық жүйелер» бөліміне оқуға түсті6». Болашақта дизайнер немесе заман талабына сай мамандық иесі болсам деп армандайды. Осы колледжде «техник-программист» мамандығымен қоса «дизайнер» басқада «бухгалтер» мамандықтарын алып шығатынымды біліп осы колледжге түскен болатынды. Кәзіргі кезде Студенттік кеңестің өлең оқудан жетекшісі және «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубының мүшесі. Колледж өмірінде белсенді студенттер қатарына кіредi. Би үйірмесіне және тоғызқұмалақ ойнына қатысады. Өлең оқудан облыстық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға иеленіп жүредi. Жетістіктер: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқу байқауына қатысып жүлделі II орын. “Өмірін өлеңмен өрнектеген арулар” атты қалалық жыр мүшәйрасына қатысып жүлделі II орын. Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысынан Алғыс хат. “Ақын жүрегінде алқынған арман” атты жыр мүшәйрасы байқауына қатысқаны үшін Алғыс хат. Лауреат “Жас Дарын” Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттеріне арналған “Қазақстан Республикасының колледждерінің ТОП 100 студенті” жобасының жеңімпазы. “Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студентін” барлық Ақпараттық жүйелер бөлімі жеңісімен құттықтайды және одан әрі жеңістер тілейді.