Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Жас Дарын-2019”

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында “Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау” Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Жастар жылына” арналған “Жас Дарын-2019″атты Республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өткізілді. Марапттау рәсіміне 200ге жуық дарынды да талантты оқушылар мен жоғары оқу орындары мен коллледж студенттері қатысты. “Жас Дарын-2019″төсбелгісімен марапатталды! Талантты,дарынды жастармен бірге олардың ата-аналары және жетекші ұстаздары да “Алғыс хат” пен марапатталды. Осы орайда Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің 6 студенті қатысып,марапат иегері атанды.
Олар: 401РМ тобы студенті Сайлыбай Ғасыржан Болатұлы,жетекшісі Джукетаева Ақгүл.
301ПГ тобы студенті Серік Азамат Серікұлы,жетекшісі Даулетьярова Тоғжан.
401РМ тобы студенті Нұрғабылқызы Майра,жетекшісі Құрмансейітова Нұржамал.
301ИС тобының студенті Тағабергенова Айсұлу,жетекшісі Адилханова Гүлдана.
203ИС тобының студенті Шаграева Мерейлім,жетекшісі Маташева Аян.
302ПД тобының студенті Советова Томирис,жетекшісі Алашбаева Гүлжайнар.
Қатысып өз нәтижелерін көрсетті)
Барлық марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!
Сіздерге еңбектеріңізге жеміс,дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық,жұмыстарыңызға береке тілейміз! Алда алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын дейміз!