
«Саналы Ұрпақ» жобасы
«Саналы Ұрпақ» жобасының миссиясы:
Қазақстанда патриоттық және бәсекеге қабілетті жастардың өмірлік ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтан арылту.
Мақсаты мен міндеттері:
- Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға жағдай жасау.
- Рухани-адамгершілік тәрбиеге, азаматтық және патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларды іске асыру;
- Студенттердің саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
- Студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті күшейту жөніндегі бастаманы көтермелеу;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.