Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы

Акимжанкызы Сагадат
Номер телефона:8708-714-59-73
E-mail:SAGADAT.AKIMZHANOVA@INBOX.RU

«КҮЗГІ БАЛ» БАЙҚАУЫ

СТУДЕНТТІК КЕҢЕС ҰЙЫМЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН БАЙҚАУЫ

«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ»МЕРЕКЕЛІК КЕШ

«Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік»мерекелік концерт

Жастар — бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып,болшақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Кенеттен емес,БҰҰ Мыңжылдық даму бағдарламасындағы негізгі шешуші мәселе ретінде жастар, олардың қалыпты өмір сүруі,денсаулығы,тиімді еңбек етуі секілді мәселелер қозғалған болатын. Осы орайда біздің оқу орнымызда яғни Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде қазіргі таңда 300-ден астам жас «Студенттік кеңес» ұйымының мүшесі ретінде жұмыс жасап жатыр. Олар оқу мен қатар өздерін қызықтырған осы бір саланы да алып жүр. Нақтырақ айтатын болсақ бізде оқып қана қоймай бос уақытты тиімді өткізуге қолайлы жағдайлар жасалған. Ол дегеніміз, сіз бізде оқып жүріп,ән айтып, би билеп,түрлі мерекелік іс-шараларға қатыса аласыз. Өнер жағын былай қойғанда бізде спорт жағынанда шектеулер жоқ. Түрлі спорттық үйірмелерге қатыса отырып,шымыр әрі заман талабына сай білікті маман бола аласыз.
Жастар комитеті басшысының идеяларын жалғастыра отырып, жастар саясатына қатысу. Студенттер кеңесінің негізгі қызметі – қала ардагерлеріне атаулы көмек көрсету, балалар үйі мен баспаналарға дала көмегі, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету, түрлі форматтағы қалалық, облыстық және республикалық шараларға қатысу, және колледж ішінде өз уақыттарын тиімді өткізу.
Жастар комитеттің жұмыс бағыттары:
— Ұйымдастыру–әдістемелік жұмыстар
— Жастар саясаты
— Азаматтық–патриоттық тәрбие
— Рухани–адамгершілікке тәрбие
— Студенттердің шығармашылығын дамыту
— Салауатты өмір салтын қалыптастыру
— Кәсіби еңбек тәрбиесі
— Студенттік жатақхана жұмысы
Колледждің жастар комитеті және студенттік кеңес ұйымы осы бағыттарды негізге ала отырып жұмыс жасайды.

«Студенттік кеңес» ұйымының құрамы

Оқу секторы
Жас сарбаздар
Пресс служба
Волонтерлар клубы
Мәдениет секторы
Жатақхана студенттік кеңесі
Оқу орнымыздағы Студенттік өзін-өзі басқару – колледж білімгерлерінің өміріне ғана емес, басқа жоғары оқу орындарының студенттеріне де үлгі. Әсіресе, студенттік өзін-өзі басқарудың жатақхана жастары үшін табысты болғанын атап айта аламыз. Онда Студенттер кеңесі жатақханадағы ережелерді сақтау, тұрмыстық қажеттілікке сай жағдай жасау мәселелері бойынша маңызды жұмыстар атқарады. Бұрынан қалыптасқан жүйе бойынша жатақхананың студенттік кеңесі тәрбиеші апайларға көмектесіп, кезекшілік қызметтерін атқарып және мерекелерде түрлі кештерді ұйымдастырып отырады.