Адам өміріндегі кездескен көп жандардың барлығы да тек белгілі себептермен ғана жүрген тұлғалар. Ешқандай себепсіз, сенің ақ,қара яки толық не арық, қырсық, жұтаң, ерке мінездеріңе қарамастан жүрегі елжіреп тұратын жандар тобы бар. Ол топ – ОТБАСЫ. Қаймағы бұзылмаған, ұйытқысы кетпеген, толыққанды отбасы да қазіргі таңда бірінің басында бар, бірінде жоқ. Менің балғын балалық шағымда балаша ойнатқан, ересек өмірге ыстық алақандарымен дайындап берген ата-ана менде бар. Әкем анам отасқандарына 26 жыл болған екен. Екеуінен 4 тармақ, екі ұл екі қыз тарағанбыз. Екі әпкем және бір інім бар. Бір адамның ғұмырындай уақытта шаңырақты ортасына түсірмей сыйластықтарына ел сүйсінетін әкем мен анам барына Аллаға мың да бір шүкір. Анам-мұғалім. Мектепке дейінгі сыныпты дайындайды. Әр жыл сайын балалардың зейінін ашып, мектеп табалдырығын сәтті аттауға себепкер болады. Әкем-мектеп қазаншысы (котелщик). Қарапайым еңбек иелері болғанымен, азғандай ғана табысы отбасымызға жетіп жатыр. Құдай көпсінбесін).
Алдымда еңбекқор екі әпкем бар. Үлкен әпкем тұрмыста, ол да мұғалім. Екінші әпкем Астана қаласында жұмыс жасайды. Інім мектепте 3-сыныпта оқиды.
Менің отбасым – менің асыл қазынам. Бұл қазынамды дүниедегі күллі алтын-күміс берсе де құнына пара пар келетін дүние жоқ. Сыйластығы мен береке-бірлігі, татулығы мен көрегенділігі сырт көзге көрініп, ел сүйсінетін отбасылардың қатарынан табылатынмызға шын қуанамын. Менің отбасым, менің бар байлығым. Отбасымыз аман болсын! Жақындарыңыздың қадірін біліңдіздер
Ахабаев Нұрсұлтан – АТ 203 тобы
#отбасықұндылықтары #семейныеценности
@aqtobe_bilim_basqarmasy