«Педагогикалық идеялар панорамасы»
атты колледжішілік оқытушылар арасында бейне-сабақтар конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің әдістемелік кабинеті және «Ғылыми жаратылыстану пәндері» циклдік – әдістемелік бірлестігі колледж оқытушылары арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар конкурсын жариялайды.
Мақсаты мен міндеттері
Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық – білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық – коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
Конкурстың міндеттері:
Педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану құзыреттіліктерін дамыту;
Озық тәжірибелерді тарату;
Үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын толықтыру.
Конкурстың тілі:
Қазақ, орыс, ағылшын. (таңдау тілі)
Бейнематериалдың түрі:
– дәріс (оқыту мен тәрбиелеу әдісі, белгілі бір саладағы идеялар жүйесін дәйекті монологтық баяндау);
– сабақ (оқу жұмысын ұйымдастыру формасы, осы жағдайда педагог оқу бағдарламасында айқындалған білім алушыларға қойылған дидактикалық және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу үшін саналуан әдістерді пайдалана отырып, нақты кесте бойынша тұрақты құраммен дәл белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс жасайды);
– практикалық/лабораториялық жұмыс (теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, дербес сынақтан өту дағдыларын дамыту мақсатындағы өздік практикалық жұмыс түрлерінің бірі);
– семинар (жетекшінің тапсырмасы бойынша жекелеген мәселелерді, проблемларды, тақырыптарды білім алушылардың өздігінен оқып үйренуіне құрылған, артынша материалды баяндама, реферат түрінде рәсімдейтін және оны бірлесіп талқылайтын оқу процесінің формасы).
– шебер – класс (өзінің белгілі бір шығармашылық саласында, педогогикалық қызметте маман өткізетін тәжірибелік шеберлікті жетілдіру бойынша оқытудың айрықша әдісі және нақты сабақ).
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
Конкурсқа Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары өз жұмыстарын (бейне-сабақ, бейне-дәріс т.б) ұсына алады. Қатысушылардың беретін бейнематериалдар саны шектелмейді және бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейнематериалдар жіберіледі.
Әрбір бейнематериалға конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет (2-қосымша).
Конкурсқа қатысу өтінімі 2020 жылдың 15 қаңтарға дейін қабылданады (Әдістемелік кабинет).
Конкурс жұмысы 2020 жылдың 14 ақпанға дейін қабылданады.
Конкурс қорытындысы 2020 жылдың 28 ақпанда жарияланады.
Бейнематериалдардың техникалық сипаттамалары:
HD (1280×720) бастап Full HD (1920×1080) дейін;
формат *.mp4.
бейнематериалдың хронометражы 15 минутқа дейін;