Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!” мерекелік кеш

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған “Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!” атты мерекелік кеш өтті. Кеш қоңақтарын және білім алушыларды колледжіміздің әкімшілігі құттықтап, Білім беру ордасының атақ-абыройы үшін еренбей еңбек етіп, көркейуіне үлес қосып жүрген қызметкерлері мен мамандарына, колледж директорының “Алғыс хаты” және сыйлықтарын табыстады. Марапаттау рәсімі мерекелік концертке ұласты. Колледжіміздің өнерлі жастары барлық қазақ елі үшін орны ерекше мерекемізді ән мен биден шашу шашып жиналған қауымға әсерлі көңіл-күй сыйлады. ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛҒАЙ!✊🏻 Мереке құтты болсын ҚАЗАҚ ЕЛІ!