Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Адалдық, әділдік және шыншылдық сағаты

2021 жылдың 12 қарашасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Автоматтандыру және басқару» бөлімі кітапханамен бірлесе отырып  204 АС топ студенттеріне «Адалдық, әділдік және шыншылдық сағаты» атты іс-шарасы өткізді.

Іс-шараның мақсаты: колледж студенттерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне теріс көзқарасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жолдарын үйрету.  Іс-шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлерімен танысып, талқылауға қатысып, өз пікірлерін білдірді, сыбайлас жемқорлықпен күресудің өзіндік әдіс-тәсілдерін ұсынды, «Парасаттылық мектебі» кітап көрмесімен танысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетілді , «Сұрақ-жауап» шағын ойыны өткізілді.

Авдеева И.Н.