Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Тәуелсіз елің ұлағатты ұстазы

Кыдырбаев Танжарык Утемисович

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің директордың оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

2018 жылғы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Республикалық  директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы № 126 бұйрығымен «Қазақстан WorldSkils қозғалысын іске асыруда» техникалық комитетінің құрамының мүшесі.

2018 жыл Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына  қосқан  үлесі үшін құрмет грамотасы.

2018 жыл «Ең үздік арнайы пән оқытушы» Ақтөбе облысының әкімдігі грант иегері

2015 жыл білім беру ісіне қосқан үлесі үшін О.К. Жандосов атындағы медалімен марапатталды.

2016 жыл Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ерекше қызметтері үшін медаль иегері.

2019 жыл «Рақымжан Қошқарбаев» естелік  медалімен марапатталды

2020 жыл Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқаны үшін ауданның «85 жылдық» мерейтойлық медалі.

2021 жыл «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу өндірістік бөлімінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» әдістемелік құралының  авторы.

2018 жыл Сызу пәнінен әдістемелік құралының авторы

2020 жыл Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасағаны үшін алғыс хаты

2020 жыл Білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін, “Өрлеу” БАҰО

2020 жыл Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында әлеуметтік әріптестікті дамытуға, дуальды оқыту жүйесіне қосқан үлесі үшін және WorldSkills чемпионатына студенттерді даярлауға белсенді атсалысқаны үшін марапаты, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы

2019 жыл Worldskills Kazakhstan Aktobe 2019 аймақтық чемпионатында Сарапшы қызметін атқарып белсенділік танытқан үшін Ақтөбе облысы білім басқармасы алғыс хаты.

2019 жыл Ақтөбе облысы білім беру саласындағы танымсыз шығармашылық еңбегі үшін Ақтөбе облысы білім басқармасы құрмет грамотасы

2018 жыл «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы.

2018 жыл Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың  және облыстық білім басқармасының басшысы Л.А. Оразбаеваның тікелей тапсырмасымен              « Бақытты бала» облыстық  мүмкіндігі  шектеулі балаларға арналған лагерді басы қасында жүріп ұйымдастырылуына тікілей ат салысып  облыс әкімінің грант иегері.

2018 жыл “Бақытты бала” облыстық жобасына белсенді қатысқан үшін Ақтөбе облысы білім басқармасы алғыс хаты.

2017 жыл Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін құрмет грамотасы.

Студенттері Ишангалиев Райымбек “Worldskills Kazakhstan 2016” Ұлттық чемпионатынан 1 орын иеленіп, Ресей елінің Казань қаласында  «Worldskills»-халықаралық чемпионатынан  3 орын  алып, Сан-Паулу қаласына (Бразилия) өткен әлемдік чемпионатына қатысты.

“Worldskills Kazakhstan 2017” Ұлттық чемпионаты, “Worldskills Kazakhstan 2018” Ұлттық чемпионаты, “Worldskills Kazakhstan 2019” Ұлттық чемпионаттарының жеңімпаздары атанып  Ресей елінің Казань қаласындағы  халықаралық чемпионатына Симанов Исмаил  жолдама алды және де 2021 жылы аймақтық «WorldSkills Aktobe-2021» чемпионаты бойынша жеңімпаз атанды.

  • Duisburg қаласы (Германия) «Personalfuhrung and Personalmanagement im Bildungswesen»  тақырыбында және  Weiterbildung қаласы (Германия)               «Integrative Supervision and Personalentwicklung»  өз білімін жетілдірді .
  • № 6(11). декабрь 2020 V том «Global Science and Innovations 2020: Central Asia» Халықаралық ғылыми – практикалық журналына «Колледждерде оқу-өндірістік практиканы ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында мақаласы жарияланды.
  • «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешім» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына «Жоғары курс студенттерін өндірісте дуальды оқыту» тақырыбында баяндамасы енгізілді, Ақтау қаласы
  • «Қазіргі заманғы инновациялық даму құралдары мен тетіктері» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында жарияланды, Атырау қаласы
  • “Заманауи орта кәсіптік білім беруді оны жаңарту жағдайында дамыту» халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағына «Кәсіптік білім берудің дуалдық жүйесі» тақырыбында баяндамасы жарияланды, Костанай қаласы
  • Әлеуметтік серіктестер аясында АО «АЗФ» ,ТОО «Энергосистема» АО «КЕРУЕН СИТИ», ЖШС «BIGNESS» , ЖШС «АЭМК Жарық», ЖШС «КИП и А», АҚ «АЗНО» , ЖШС «ЭлитСтроиСервис-Ақтөбе» және т.б осындай ірі кәсіпорын басшыларының алғыс хаттары.