Ақпан айының 22 күні Кеңес Одағының әскери мерекесіне орай , колледж қызметкерлері мен оқытушылары арасында , Кәсіподақ кубогы үшін дәстүрлі «Қар үстіндегі футбол» жарысы өтті. Жарысқа колледж қызметкерлері мен оқытушылар құрамынан тұратын 3 команда қатысты. Жарыс қортындысы бойынша жүлделі І орынды «Әкімшілік командасы» (команда капитаны Дос Қ), ІІ орынды « Бөлімдер құрама командасы» (команда капитаны Шаңбаев Д), ІІІ орынды «Шеберхана» командасы (команда капитаны Муканов С) иеленді Жарыс номинациялары бойынша «Үздік ойыншы» -Есжанов Дастан «Шеберхана» комадасы, «Үздік шабуылшы» -Ілияс Сағитжан «Бөлімдер» командасы , «Үздік қақпашы»- Қаналин Қ «Әкімшілік» командасы болып танылды. Жарыс жеңімпазы ауыспалы кубокпен және барлық жүлдегерлер кәсіподақ атынан мадақтау қағаздарымен және қаржылай силықпен марапатталды.
Our Spring Sale Has Started
You can see how this popup was set up in our step-by-step guide: https://wppopupmaker.com/guides/auto-opening-announcement-popups/