2021 ж. оқуға қабылдау қағидаларының үлгісі

ШЖҚ «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі» МКК бойынша кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі (бастауыш кəсіптік жəне орта кəсіптік), жоғары білімі бар (жоғары кəсіптік), Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар жəне азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куəлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

Колледжге оқуға түсу кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.

Түсу емтихандарын тапсыру нысаны: тестілеу.

Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тұлғалардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Тұлғалардың білім беру ұйымдарына оқуға өтініштерін қабылдау:

мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына - 25 маусымнан 18 тамызға дейін;
сырттай оқу түріне - 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін;


Колледжге оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтінішіне мынадай құжаттарды қоса береді:

Көрсетілетін қызметті берушіге:

құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
фото өлшемі 3х4 см, саны 4 дана;
№ 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
жеке басты куәландыратын құжат;

Порталға:

көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің өтініші;
білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
№ 075-У нысаны бойынша медициналық анықтамалар құжаттарының электрондық көшірмелері;
көлемі 3х4 см цифрлық фотосурет, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;


Оқуға түсуге арналған құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

Қабылдау квотасы көзделген колледжге оқуға түсетін тұлғалар санатты растайтын құжаттарды ұсынады.

Оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары:

негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән:

міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі);
мамандық бейіні бойынша екі пән;

жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін - төрт пән:

міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы);
мамандық бейіні бойынша екі пән;


Конкурс колледж өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға өтініш береді.

Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қатысуымен қарайды.

Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау Қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде колледж басшысының бұйрығымен жүргізіледі:

күндізгі оқу нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;
сырттай оқу нысанына-күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін;


Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, сырттай оқу нысанына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін колледждің ақпараттық стендтеріне немесе интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

Мекен-жайы бойынша:

Ақтөбе қ; Рысқұлов к. 267