Кәсіподақ ұйымының басты қызметі
Оқытушылар мен қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын және кәсіби құзырын қорғау.
Кәсіподаққа біріге отырып, азаматтардың кәсіби мүдделерін қорғауға және Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізінде төмендегідей әлеуметтік серіктестік мүдделерін шешуге болады:
Кәсіподақ мүшелерінің еңбекақыларының уақытылы және әділ төленуі;
Жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуы;
Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек, экономикалық құқықтары мен мүдделерін ақысыз заңгерлік қорғау;
Наградаларға ұсыну.
Кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Кәсіподақ мүшелерінің жеке және ұжымдық әлеуметтік-еңбек, кәсіби, экономикалық және өзге де құқықтары мен мүдделеріне өкілеттік ету және қорғау;
Кәсіподақтың және оның еңбек ұжымындағы мүшелік ұйымдарының міндеттерін жүзеге асыру Кәсіподақтың жарғылық міндеттерін жүзеге асыру, әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіподақ мүшелерінің кәсіби қызығушылықтарын қорғау;
ҚР еңбек Кодексі және ҚР кәсіподақтар туралы Заңы сақталуын бақылау;
Қызметкерлердің аттестациясына қатысу;
Жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысу;
Кәсіподақ мүшелеріне қаржылай көмек көрсету, денсаулықтарын нығайту және бос уақыттарын ұйымдастыру;
Еңбек күзеті саласындағы заңнама сақталуын бақылау;
Кәсіподаққа қабылдау және кәсіподақ мүшелерінің есебін ұйымдастыру;
Кәсіподақ мүшелігінің мотивациясын арттыру бойынша ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыру;
Кәсіподақ жұмысына кәсіподақ мүшелерін тартуды қамтамасыз ететін жағдайларды туғызу.