Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі MOODLE жүйесі бойынша қашықтықтан оқытуға көшті, оның мақсаты білім алушылар мен педагогтардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу. Барлық білім алушыларға логин-пароль және қашықтан оқу бойынша нұсқаулық берілді. Алыс аймақтардағы интернеті жоқ студенттер үшін педагогтар қағаз және электрондық тасығыштарда (флешкада) оқу материалдарын және оларға тапсырмалар дайындады. Сондай-ақ, оларды Интернетке аз жылдамдықпен қосылу мүмкіндігі бар басқа қосымшаларға қосу мүмкіндіктерін іздеу жұмыстары жұргізілуде.
Теориялық сабақтар бекітілген кесте бойынша онлайн-режимде жүргізілуде. Колледждің оқу процесінің кестесіне өндірістік практикадан кеш уақытқа өту бойынша өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда оқытушылар өз үйінде отырып, сабақ берсе, білімалушыларымыз берілген тапсырмаларды белсенді орындап, ZOOM қосымшасының онлайн-конференцияларына қатысып байланыс жасауда.