Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ағымдағы жылдың сәуір айының 28-і күні Электрмен қамтамасыз ету циклдік-әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында 203 ЭЛ тобында арнайы пән оқытушылары Тоймагамбетова А, Медиев Н ұйымдастыруымен ПМ02 «Өндірістік жағдайларға арналған электр машиналары мен трансформаторлары» модулі бойынша «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграциялық сабақ өтті.

Сабақтың тақырыбы: Электр қондырғыларымен жұмыс барысында, қауіпсіздік ережесін білу. Сабақ барысы «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған сабақ болғандықтан бірінші “Нұрға бөлену, тыныштық сәтімен” басталып және өткен трансформаторлар туралы тақырыпқа тоқталды.Құндылыққа қатысты сұрақтар қарастырылып, практикалық тұрғыдан стендтер жиналды.Түрлі методикамен ойындар ұйымдастыру арқылы өткен тақырыпты қорытындылап, сабақ соңында жақсы адамдарым әнімен студенттердің көңіл күйін көтерді.Электр қондырғыларымен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін білу тақырыбы студенттерге түсінідіріліп, сабақты пысықтау мақсатында кім жылдам, қоржын ішіндегі сұрақтар ойындары ойнатылды.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді электр қондырғыларымен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтауға үйрету.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.
Ашық сабаққа директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, колледж әдіскері, колледж оқытушылары қатысты.