Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде «Электр мен қамтамасыз ету» циклдік-әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі мен Қостанай политехникалық жоғары колледжінің республикалық оқу -әдістемелік орталығымен бірлесе отырып республикалық онлайн пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға Алматы, Қарағанды, Балқаш, Шахтинск, Өскемен, Петропавл, Қостанай, Ақтау, Атырау қалаларының колледждерінен 70 білім алушыдан өтініш келіп түсті. Соның ішінде 59 қатысушы белсенді атсалысып, өз білімдерін көрсетті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде тест тапсырмасы, екінші кезеңде схема құрастыру болды. 4 қатысушы -1 орын, 9 қатысушы -2 орын, 10 қатысушы – 3 орындарды иеленіп, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Олимпиаданың
ашылуы мен жабылу салтанаты ZOOM платформасында болды. Комиссия мүшелері барлық талаптарға сай әділ төрелік етті. Барлық қатысушыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, білімнің шыңын бағындыруларыңызға тілектеспіз.