Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Рамазан – әдеп пен тәрбие айы

20.04.2022 күні «Экономика әлемінде» апталығы аясында «Экономикалық пәндер» ЦӘБ-нің оқытушылары колледж жатақханасында «Рамазан – әдеп пен тәрбие айы» атты тәрбиелік-танымдық қайырымдылық (ауыз ашар) кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты әрбір студенттің жүрегіне иман нұрын ұялатып, рухани сезімін ояту, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болды.
Шара барысында «Қызықты экономикалық викторина», «Жасырылған асық», «Мақал-мәтелді жалғастыр…» ойындары ойнатылып, ән шырқалып, флешмоб өткізілді. Қайырымдылық кешімізде студенттерге ауыз ашар дастарханы ұйымдастырылды.