Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Салық және салық салу» пәнінен ашық сабақ

2022 жылдың 20 сәуірінде «Экономика әлемінде» пәндік апталығының шеңберінде оқытушы К.Ерекешев 0518000 «Есеп және аудит» мамандығының 201Б тобында АП 02. «Салық және салық салу» пәнінен «Мемлекеттік баж салығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: білім алушыларға салық жүйесінің мәнін ашып көрсетіп, салықтардың анықтамасын беру және олардың жіктелуін, мемлекеттік баж салығы туралы білімдерін және төлемдерін есептеу дағдыларын қалыптастыру.
«Ой қозғау», экономикалық диктант, тірек-сызба, тест, топтық және жеке жұмыс әдістері қолданылып, білім алушылар белсенділік танытып, сабақ мақсатына жетті.