Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

20 сәуір күні “Саналы ұрпақ” клубының мүшелері “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

20 сәуір күні “Саналы ұрпақ” клубының мүшелері “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты:
– Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерді дағдыландыру;
– саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой – пікірлерімен санасуға жағдай жасау;
– ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел “Жемқорлықсыз болашақ” тақырыбында өткен қабырға газетінің байқау қорытындысын марапаттауымен басталды. Шара жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықпен күресу мәселелерін талқылаумен жалғасты. Дөңгелек үстел соңында студенттермен тренинг ойыны ұйымдастырылды.
Қабырға газеті байқау мен дөңгелек үстелге қатысқан барша студенттерге алғысымыз шексіз! Білімнің шыңына жетулеріңізге тілектеспіз!