Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Наурыз айының 15-і күні «Жалпы білім беру пәндері» бөлімі «Әлеуметтік -қоғамдық пәндер бірлестігі» циклдік-әдістемелік бірлестігінің «Ата мұра – асыл казынам» атты апталық аясында тарих және география пәнінің оқытушысы Ж.Н.Жанбырбаеваның 101РМ тобында «Қызықты география әлеміне саяхат» тақырыбында сайыс-сабағы өткізілді.

Сабақтың мақсаты: білім алушылардың логикалык ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, тез ойлап, жылдам шешім қабылдауға, бір-біріне көмек көрсетуге баулу. Бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой тұжырымы бар,білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу.