Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

14 наурыз АМАЛ МЕРЕКЕСІ

14 наурыз күні Ақтөбеде амал мерекесін атап өту мақсатында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттері Қобыланды батыр аялдамасында ұлттық аспаптармен жанды дауыста ән шырқап, ақтөбеліктер мен қала қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, аялдамадағы тұрғындармен көрісіп, мерекенің маңызы туралы құттықтау қағаздарын үлестірді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер ішіндегі ақтөбеліктермен көрісіп, мерекемен құттықтаған жастар, өз өнерлерін ортаға салып, қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп, ақ баталарын алды. Қала тұрғындары көрісу рәсімінде Жыл құтты болсын! Жаңа жасын жақсылық әкелсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын! деген ізгі тілектерін білдірді. Амал мерекесі құтты болсын!